Бедеулікті емдеп қана қоймай, себептерімен күресуіміз керек - Ажар Ғиният

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Шымкент қаласында өткен «Бедеулікті емдеудің заманауи тәсілдері. ҚРТ: бүгіні мен болашағы» атты IX өңірлік халықаралық конференциясына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Денсаулық сақтау жүйесінің негізгі мақсаттарының бірі - халықтың денсаулығын, оның ішінде репродуктивті денсаулықты нығайту, демографиялық жағдайды және өмір сүру сапасын жақсарту. Біздің мақсатымыз - бедеулікті емдеу ғана емес, оның алдын алу және себептерін жою бойынша шара қабылдау», - деді құттықтау сөзінде ҚР Денсаулық сақтау министрі.

Ажар Ғиният репродукция саласында жаңа технологияларды табысты енгізу мақсатында барлық жағдай жасалғанын атап өтті.

Бірінші кезекте, заңнамалық база қамтамасыз етілді, қосалқы репродуктивтік технологияларды жүзеге асырудың барлық аспектілерін реттейтін НҚА бекітілді, түрлі бейіндегі мамандар даярланды.

Осы шаралардың арқасында бүгінде елімізде 29 ЭКҰ орталығы жұмыс істейді.


Соңғы жаңалықтар