Бедеулік мәселесі медициналық сақтандыру арқылы шешілмек – МӘМС сарапшысы

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтіп, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының мамандары келушілерге жаңа жүйенің артықшылықтарын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавлда жиырмаға жуық түрлі мекемелердің өкілдері қала тұрғындарын қабылдап, сауалдарына жауап берді. Сұрақтардың дені балабақша, баспана кезегі, салық бойынша қойылды. 2020 жылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылады. Тұрғындардың бұл бастамаға қатысты сауалдары көп.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ СҚОФ халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімінің бас сарапшысы Қарлығаш Ілиясова емдеу мекемелерінің келесі жылы науқастарды қалай қабылдайтындығы жайында, қандай қызметтер тегін көрсетіліп, ал медициналық сақтандыру есебінен қандай ем-дом алуға болатынын айтып берді.

Петропавл қаласының тұрғыны мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесінің болатынын біліп, арнайы келіпті. Ол бірнеше жылдан бері бала сүйе алмай жүр. Енді оның бар үміті - экстракорпоралдық ұрықтандыру процедурасында. Алайда оның құны 1 млн теңге тұрады, бұл жас отбасы үшін үлкен сома.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ СҚОФ бас сарапшысы Қарлығаш Ілиясованың сөзіне қарағанда, келесі жылдан бастап қазақстандық бедеу әйелдер экстракорпоралдық ұрықтандыру процедурасын медициналық сақтандыру есебінен өте алады. Бағасы қымбат ем-дом мен операция Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры есебінен жүргізіледі.

ЭКҰ процедурасы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетіне қосылған. Мамандардың мәліметінше, Қазақстанда пробиркадан шыққан алғашқы бала 1996 жылы туған. Содан бері осындай процедураның арқасында елімізде 16 мыңнан астам бала дүниеге келді.

Соңғы жаңалықтар