+7 (701) 759 90 19
USD 399.67 EUR 452.95
RUB 5.82 CNY 56.36
Jańalyqtar

BBC телекомпаниясы Жетісу табиғаты туралы видеоролик түсірді

2020 жылғы 15 мамыр 03:58
Бөлісіңіз:
BBC телекомпаниясы Жетісу табиғаты туралы видеоролик түсірді

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Әлемге әйгілі BBC телекомпаниясы Жетісу жерінің керемет табиғаты жайлы видеоролик түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Арнайы түсірімде Жетісу жерінің Көлсай көлдерін, Бұрқанбұлақ сарқырамасын, Шарын шатқалын, Алтын емел ұлттық паркіндегі «Бесшатыр» қорғандарын, әйгілі Айғайқұм сынды көрікті жерлерді көруге болады.

«Бұл көк аспанмен астасқан кең байтақ Қазақ даласы. Қандай керемет! Таудан құлай аққан сарқырама, күн сәулесі құшағына алған ұлы дала, тарихты қойнауына жасырған құмтөбелер мен шексіз адалдықтың айнасындай мөлдір таза өзен-көлдер. Мұндай сұлулықты басқа еш жерден кездестірмейсің. Қазақстан - қайталанбас таң шапағы»,- деп қазақ елін бейнероликте суреттеген.


Бейнежазба қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жарияланған. Ұзақтығы 30 секунд.

Айта кетсек, ролик Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге дайындық аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT