USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Байзақ ауданында жарылыстан зардап шеккен 127 нысан жөнделді

2021 жылғы 29 қыркүйек 21:24
Бөлісіңіз:
Байзақ ауданында жарылыстан зардап шеккен 127 нысан жөнделді

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Байзақ ауданындағы оқиға кезінде зардап шеккен 127 нысан қалпына келтірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Төтенше жағдай кезінде барлығы 176 жылжымайтын мүлік зардап шеккен десек, оның ішінде 159 тұрғын үй, 12 коммерциялық, 4 әлеуметтік және 1 инфрақұрылымдық нысан (жол) бар. 35 үй мен 12 коммерциялық нысан айтарлықтай бүлінген. 48 нысан бойынша қорытынды алынған.

Бүгінде қалпына келтіру шарасына 12 мердігерлік ұйымның 22 техникасы мен 187 жұмысшысы жұмылдырылған.

Жеңіл зардап шеккен 124 тұрғын үй мен 3 әлеуметтік нысан толығымен қалпына келтірілді.

Бұл туралы аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифинг барысында хабарлап, жөндеу, қайта қалпына келтіру жұмыстары туралы баяндады.

«Зардап шеккен нысандарды қалпына келтіру бойынша барлық жұмыстар Мемлекет басшылығының бақылауында»,-деді Б.Сапарбаев.

Үкіметтік комиссияның тапсырмасына сәйкес нысандарды тексеру және қалпына келтіру үшін жергілікті атқарушы органдарынан 5 жұмыс тобы құрылып, құрылыс басқармасының, ҚазҚСҒЗИ, жобалау ұйымдарының және ТЖ қызметкерлері енді.

Сейсмикалық қауіпті жағдайдағы Жібек жолы ауылының №5 орта мектебіне 150 орынды жаңа ғимарат салу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленді.

Құрылысы қызу жүріп жатқан жаңа білім ошағы 2022 жылдың қаңтар айында пайдалануға беріледі деп көзделіп отыр.


«Жалпы 150 миллион теңге көлеміндегі демеушілік қолдау есебінен 127 нысан қалпына келтірілді. Ал, айтарлықтай зардап шеккен нысандарды қалпына келтіру үшін Үкіметтік қордан 1,2 миллиард теңге бөлінді. Қалпына келтіру жұмыстарын ағымдағы жылдың 30 қазанына дейін аяқтау жоспарлануда»,- деді аймақ басшысы.

Сондай-ақ, демеушілерден «Сенім Байзақ» қорына түскен қаржыға қосалқы шаруашылық құрылыстар мен жолдар жөнделеді.

Бұдан бөлек, Бердібек Сапарбаев мертіккен 87 әскери қызметшілерге, төтенше жағдайлар департаменті мен прокуратура қызметкерлеріне облыс әкімінің резервінен 100 айлық есептік көрсеткіш немесе 291,7 мың теңге мөлшерінде жалпы сомасы 25,4 миллион теңге материалдық көмек бөлінетінін жеткізді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Сая Сембай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT