«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ мен Қытайдың экспорт-импорттық банкі өзара іс-қимыл меморандумын бекітті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов пен ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцянның қатысуымен болған Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің отырысы барысында құжаттарға қол қойылды.

Атап айтқанда, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ мен Қытайдың экспорт-импорттық банкі арасындағы өзара іс-қимыл туралы меморандум бекітілді. Құжатқа ҚР тарапынан «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев, ал ҚХР жағынан Қытайдың экспорт-импорттық банкінің вице-президенті Юань Синьён бекітті.

Бұдан бөлек, «KAZ Minerals PLC» Басқарма төрағасы Олег Новачук пен «Non Ferrous China» Қытай корпорациясының президенті Ванг Хонтсянь Ақтоғайда мыс жобасын салу шартына (жоба құны 530 млн. доллар) қол қойды. Мұнымен қоса «Экспорт және инвестициялар жөніндегі «KAZNEX INVEST» ұлттық агенттігі» АҚ мен «Cathay Industrial Biotechnology Co.Ltd.» арасындағы ынытымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Соңғы жаңалықтар