«Бәйтерек» монументінде ым-ишара тілінде экскурсиясы ұйымдастырылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН ҚазАқпарат - «Бәйтерек» монументінде 2019 жылдың желтоқсан айынан бастап есту қабілеті ерекше азаматтарға арналған ым-ишара қимылмен түсіндірілетін экскурсия ұйымдастырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Астана-Бәйтерек» монументі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қолжетімді орта» шарасы екі күнге – ҚР Тұңғыш Президенті күніне (1 желтоқсан), сондай-ақ 1992 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-ші сессиясында белгіленген Халықаралық мүгедектер күніне (3 желтоқсан) орайластырылды.

Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет және спорт басқармасының өкілдері, «Қазақ саңыраулар қоғамы» ҚБ, «Қазақ зағип жандар қоғамы» ҚБ өкілдері, сондай-ақ аталған жобаларды жүзеге асыруда жұмыс істеген мамандар қатысады.

Шара аясында берілген тақырыптағы бейнероликтер көрсетіліп, есту және көру ерекшеліктері бар азаматтарға арналған «Бәйтерек» монументінде экскурсия ұйымдастырылады.

Жыл сайын «Бәйтерек» жарты миллионнан астам қонақты қабылдайды – бұл Қазақстанның азаматтары, сондай-ақ жақын және алыс шетелден келген қонақтар. Монументке келушілердің қатарында ерекше қажеттіліктері бар адамдар да жоқ емес.

Айта кетерлігі, кедергісіз ортаны құру және «Астана-Бәйтерек» объектісіне халықтың барлық топтарының, оның ішінде мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында монументтің базасында алғаш рет тифлокоммент жасау (аудиодескриптеу) бойынша әлеуметтік маңызы бар жоба – көру бойынша мүгедектерді қабылдаудың психологиялық ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, көрнекі ақпараттың сөйлеу сипаты іске асырылды. Ұсынылатын аудиогидтерде 8 тілде (қазақ, орыс, ағылшын, испан, француз, араб, қытай, түрік) дыбыс жолдарымен қатар зағип және нашар көретін адамдарға арналған 3 дыбыс жолы (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) қарастырылған.

Еске сала кетсек, бұған дейін ХҚО-да мемлекеттік қызметтер ым-ишара тілінде көрсетілетін хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар