«Бәйтерек» холдингінің жарғылық капиталы 14 млрд. теңгеге ұлғайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті. Бұл туралы холдингтің баспасөз қызметінен хабарланды.

Таратылған ақпаратқа қарағанда, Директорлар кеңесінің мүшелері ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың экономикалық өсімді қолдау, экономиканы әртараптандыру және кәсіпкерлікті ынталандыру жөніндегі тапсырмалары тұрғысынан «Бәйтерек» холдингінің ағымдағы жұмысына қатысты бірқатар мәселелерді қарады.

«Директорлар кеңесі «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ үшін «Бәйтерек» холдингінің кепілдігімен 200 миллион еуро сомасына Еуропалық инвестициялық банкінің қарызын тартуды мақұлдады. Мұнан бөлек, «ҚазЭкспортГарант» экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы» АҚ-ны капиталдандыру үшін холдингтің жарғылық капиталын 14 млрд. теңгеге ұлғайту туралы шешім қабылданды»,- делінген хабарламада.

Сонымен қатар холдингтің жалпы сомасы 97,9 млрд. теңгені құрайтын үш бюджеттік несиені тарту мәселесі де мақұлданды. Қаражат Индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы мен «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін «Қазақстанның даму банкі» АҚ-ы мен «ҚДБ-Лизинг» АҚ-қа арналады.

Соңғы жаңалықтар