«Бәйтерек» холдингінен ауыл шаруашылығы техникасын жаңартуға қаржы бөлінеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Бәйтерек» холдингінен ауыл шаруашылығы техникасын жаңартуға қаржы бөлінеді. Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайылов өткізген «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің кезекті отырысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Директорлар кеңесі мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде өңдеу өнеркәсібі саласындағы жобаларды қаржыландыру үшін Холдингтің еншілес компанияларына қаражат бөлу туралы шешім қабылдады.

Бұдан басқа, отандық аграрийлерді қолдау мақсатында Холдинг «ҚазАгроҚаржы» АҚ желісі бойынша ауыл шаруашылығы техникасын жаңартуға қаржы бөледі.

Сонымен қатар, Холдинг тобының ішкі аудит қызметтерінің жұмысын сыртқы бағалау нәтижелері туралы есебі қаралды, бұл олардың халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестігін көрсетті.




Фото: primeminister.kz





Соңғы жаңалықтар