«Бәйтерек» холдингі ОҚО-да бұған дейін тұрып қалған жіп иіру зауытын іске қосты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Бәйтерек» Ұлттық басқару холдингінің компаниялар тобы Шымкентте Oxy Textile мақта-мата жіп иіру зауытын іске қосты, деп хабарлады холдингтің баспасөз қызметінен.

Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Оңтүстік» АЭА-ның аумағында орналасқан «Oxy Textile» ЖШС бірнеше жыл тұрып қалған. Кәсіпорынның негізгі проблемасы шикізатты сатып алуға және өндірістік шығындарды жабуға айналым қаражатының жоқтығы болған. 2008-2009 жылдары болған әлемдік дағдарыс пен әлемдік нарықтардағы мақта бағасының күрт өзгеруі де зауыт жұмысының тоқтап қалуына әкеліп соқтырды.

2013 жылдың тамызында «Oxy Textile» ЖШС-не қатысты сыртқы бақылау процедурасы енгізілген, оның мақсаты зауыт мүлкінің сақталып қалуын қамтамасыз етіп, кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жасау болатын. Сыртқы бақылау процедурасының аясында несиелендірушілер комитеті, «Бәйтерек» холдингі компанияларының тобы және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі зауыт шатырын қалпына келтіру, ғимаратты жарықпен қамтамасыз ету және жабдықтарды іске қосу-реттеу жұмыстарын өткізді. Кәсіпорын іске қосылды.

Алайда 2014 жылдың наурыз айында кәсіпорын шикізат пен айналым қаражатының жоқтығынан өз қызметін қайта тоқтатты. 2014 жылдың қазан айында зауытты «Бәйтерек» холдингінің компаниялар тобы - «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ, «Қазақстанды дамыту банкі-Лизинг» АҚ және «Baiterek Venture Fund» АҚ іске асыратын сауықтыру мен іске қосу кестесі жоспары мақұлданды.

Зауытты сауықтырудың және іске қосудың қаржылық моделі «Baiterek Venture Fund» АҚ-ның тарапынан «Oxy Textile» ЖШС үшін шикізатты сатып алу және өндірісті іске қосу үшін инвестициялар салуды қарастырады. «Baiterek Venture Fund» АҚ-ның қаржыландыру жалпы сомасы 907,5 млн. теңгені құрайды. Мата-мақта жіп иіру зауыты іске қосылған соң оның қуаттылығы жылына 6 183 тонна дайын өнімді құрайды деп шамалануда. Бүгінде зауытта 90-нан астам адам жұмыс істеп жүр, толық өндірістік қуатқа шығарылған соң жұмыс орындарымен 270-ке жуық адам қамтамасыз етіледі. Бірінші кезеңде барлық дайын өнімдер экспортқа жіберілсе, кейіннен Қазақстанның ішкі нарығына да келіп түседі.

Соңғы жаңалықтар