«Бәйтерек» холдингі Қазақстанның автокөлік өндірісіне қолдау жасайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Рау еліміздің автокөлік өндірісі саласына қолдау шараларын бастағанын жеткізді.

Қаржылық көмек көрсетуге «Бәйтерек» қосылып отыр.

Бүгін Үкімет отырысында «Бәйтерек» қазіргі кезде «Тойота» өндірушілерінің айналымдағы қаржысын толықтыру бағытында қаржыландырды. Себебі, жинақтаушы бөліктер Таиландтан жеткізіледі.

Оның сөзіне қарағанда, автоөндірісті қолдау үшін қаржылық тетіктердің жиынтығы кеңейтілді. Бүгінде бұл саладағы кәсіпорындарда айналым қаражаты жеткіліксіз.

Осы орайда А. Рау автокөлік құрастыратын отандық кәсіпорындарға қолдау жасау керектігін айта келе, «Біздің инвесторлар Қазақстандағы өндіріске өзімізге қарағанда көбірек сенеді. Елімізге «Тойота» компаниясы келіп отыр. Олар көптеген азиалық елдердің ішінен Қазақстанды таңдады. Ал «Тойота» автокөлік құрылысында ең жоғары деңгейлердің бірін ұстап тұрғаны белгілі»,-деп ол.

Бұдан бұрын хабарланғандай, «Тойота» көліктері Қостанайдағы «СарыарқаАвтоПром» зауытында шығарылатын болады. Өндіріс үдерісіне шанақ жиынтықтарын дәнекерлеу, сырлау және құрастыру кіреді. Бұл зауытта алдағы уақытта жылына 3000 «Тойото Фортунер» көлігін шығару жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар