«Бәйтерек» холдингі Дүниежүзілік банк тобының Ғаламдық бастамасының қатысушысы болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ғалымжан Тәжияқов 2019 жылғы 11-13 сәуірде Вашингтон қаласында Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қорының жыл сайынғы кездесуіне қатысты. Бұл туралы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Форум жұмысының шеңберінде Холдинг Халықаралық қаржы корпорациясының (IFC, Дүниежүзілік банк құрылымы) әлеуметтік жауапты инвестициялау қағидаларын енгізу бойынша (Investing for Impact: Operating Principles for Impact Management) ғаламдық бастамасына қосылды. Бұл компанияның қаржыландырылған жобалардың әлеуметтік әсер ету және қоршаған ортаны қорғау саласындағы озық тәжірибені қолдану тәжірибесіне сәйкес келеді, сондай-ақ тұрақты даму саласындағы халықаралық жобаларға қатысуды дәйекті түрде кеңейтеді.null

Әлемдегі жетекші қаржы институттарымен қатар, Холдинг қаржыландырылған жобаларды іске асырудан өлшемелі әлеуметтік және экологиялық тиімділікке қол жеткізуге бағытталған осы принциптерді әзірлеуге белсене қатысты. Бұл міндеттерді шешу құралдары жобаларды бағалау және бақылау, сондай-ақ ықтимал теріс салдарларды жою мақсатында оларды басқару болып табылады.

Ресми іс-шаралар барысында Ғалымжан Тәжияқов атап өткеніндей, «Бәйтерек» холдингі мемлекеттік бағдарламалардың негізгі операторы болып табылады. Компания Қазақстанның тұрақты дамуына әсер ететін әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға белсенді түрде инвестиция салады. Ең алдымен бұл бизнесті қолдауға, халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге, экспорттық әлеуетті дамытуға қатысты болады. Холдинг қолдау көрсеткен Дүниежүзілік банктің ғаламдық бастамасы Холдингтің жаңа Инвестициялық саясатымен тікелей байланысты, ол қаржылық қана емес, сонымен қатар әлеуметтік және экологиялық нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған.

«Қазіргі уақытта «Бәйтерек» холдингі - ТМД-дағы IFC қағидаларын қабылдау бойынша міндеттемелер алған жалғыз даму институты. Бұл Холдингке халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бірнеше артықшылықтар береді. Біріншіден, бұл әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешу үшін жеке шетелдік капиталды тарту үшін қосымша мүмкіндіктер ашады. Екіншіден, ғаламдық инвестициялық компаниялармен өзара іс-қимылдың жаңа векторын белгілейді. Үшіншіден, Холдинг тұрақты негізде Дүниежүзілік банк тобы тарапынан жауапты инвестициялар саласында әдіснамалық қолдау алып тұратын болады», - деді «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ғалымжан Тәжияқов.

Сонымен қатар, форум шеңберінде «Бәйтерек» холдингінің делегациясы халықаралық инвестициялық банктер мен қорлар, ұлттық даму институттары және басқа қаржы ұйымдары өкілдерімен келіссөздер өткізді.

Соңғы жаңалықтар