«Бәйтерек» холдингі баспана құрылысына қосымша 61 млрд теңге тарта алады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Бәйтерек» холдингі баспана құрылысына қосымша 61 млрд теңге тарта алады. Бұл туралы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның Басқарма төрағасы Айдар Әріпханов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Кредиттік тұрғын үй құрылысы бойынша әкімдіктер айналымында қазір әрбір 2 жыл сайын циклдық мәні бар 387 млрд теңге бар. Құрылыс көлемін ұлғайту үшін Бірыңғай оператор нарық жағдайында қосымша 61 млрд теңге тарта алады. Тартылатын қорландыру қаражаты ағымдағы көлемдермен микширлеуге бағытталатын болады. Бұл әкімдіктердің облигацияларын жылдық 4,25 пайызбен бірыңғай мөлшерлеме бойынша сатып алуға мүмкіндік береді», - деді ол.
Оның атап өтуінше, бұл қаражат айналымын 448,5 млрд теңгеге дейін ұлғайтуға, 2,5 млн шаршы метр тұрғын үй салуға мүмкіндік береді.
«Биыл нарық жағдайында барлығы 300 млрд теңге тарту жоспарлануда. Әлеуетті инвесторлар ретінде коммерциялық банктер, сақтандыру және қаржы ұйымдары ішкі және ресейлік нарықтарда қарастырылады. 1-тоқсанда Еуразиялық даму банкімен және Ресей Сбербанкімен келіссөздер аяқталады.
Қосымша, еркін кепілдік базасының болмауына байланысты банктерден коммерциялық кредиттер ала алмайтын қаржылық - тұрақты құрылыс салушыларды қолдау үшін жобалық қаржыландыру тетігін енгізу ұсынылады», - деді Айдар Әріпханов.
- Балқашта еріктілер зейнеткердің өртенген пәтерін жөндеп берді
- Мемлекет басшысы Үкіметке технологиялар трансферті мен локализация жол картасын әзірлеуді тапсырды
- Биыл 211 медициналық нысанның құрылысы жоспарланған - Ажар Ғиният
- 2025 жылға дейін 80 мың қандастың Қазақстанға оралуына жәрдемдесу жоспарланған
-
Биыл сәуірде волонтерлікті дамыту жол картасы қабылданады
-
Алматы облысында үйі өртеніп кеткен көпбалалы отбасы баспаналы болды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам