«Бәйтерек» ғарыш кешенiн құру: Сенатта Ресеймен келісімнің шарттары қаралды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Парламентінің Сенатында Ресей Федерациясымен бірлесіп «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенiн құру бойынша келісімге түзетулер енгізу мәселесі қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«СенаттыңХалықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында «2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенiн құру туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы қаралды. Заң жобасы жоғарыда аталған Келісімге «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенінен ғарыш аппараттарын ұшыруды жүзеге асыру үшін кешенді құру мен бірлесіп пайдалану және Қазақстан мен Ресей тараптары арасында жобаны іске асыруды қаржыландыруды бөлу кезінде негізгі шарттарды өзектендіру бөлігінде түзетулер енгізу туралы Хаттаманы ратификациялауды көздейді», - деді палатаның баспасөз қызметінен.
Осыған байланысты Хаттамамен: жобада тасымалдағыш зымыранды («Ангара» тасымалдағыш зымыранын перспективалы ресейлік орта класты тасымалдағыш зымыранға), сондай-ақ «Байқоңыр» ғарыш айлағының жалдауынан шығарылатын «Зенит-М» ғарыш зымыран кешенінің базасындағы құрылыс орнын ауыстыру көзделеді; Тараптар арасында ғарыш зымыран кешенінің құрамдас бөліктерін қаржыландыруды бөлу көзделеді, оған сәйкес Ресей тарапы тасымалдағыш зымыранды құруды және оның құрамдас бөліктерін тасымалдау құралдарын, екпіндеткіш блоктың, ғарыш аппаратының және ғарыштық басты бөліктің техникалық кешенін жаңғыртуды қаржыландыруды қамтамасыз етеді, ал Қазақстан тарапы «Зенит-М» ғарыш зымыран кешенінің қолда бар жерүсті инфрақұрылымын
Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Талғат Мұсабаев өз баяндамасында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру Қазақстанға жерүсті ғарыш инфрақұрылымның меншікті объектілерін пайдалана отырып, ұшыру қызметін жүзеге асыратын мемлекет болуға, кешенді құру және пайдалану кезінде жаңа жұмыс орындарын ашу сияқты әлеуметтік оң әсерлерге қол жеткізуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
«Байқоңыр» ғарыш айлағы объектілері базасында ғарыш қызметі саласында білікті кадрларды даярлайтын өз орталығын құру мүмкіндігі пайда болады», - деді сенатор.
Құжат палата қарауына берілді.
- Талғат Қалиев: 30 пайыздық квотамен жастардың саяси істерге араласу деңгейі көтерілді
- Марат Бәшімов: Сот кадрларын іріктеу ісін әлі де жетілдіру керек
- Эльвира Әзімова: Азаматтық қоғам өзіне жауапкершілік алуға дайын
- Тоңазытқышта өлген сәби: Атырауда перзентхана дәрігерлеріне сот үкімі шықты
-
Мектептегі «бомба»: Ақтөбе полициясы 600-ден астам адамды эвакуациялады
-
Мұхтар Тілеуберді жаңа қызметке кірісті
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам