«Бәйтерек» басшысы: «Bereke Bank»-тің шығынын мемлекет өтемейді

2022 жылғы 26 қараша, 12:53
«Бәйтерек» басшысы: «Bereke Bank»-тің шығынын мемлекет өтемейді

АСТАНА. ҚазАқпарат – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев «Bereke Bank»-тің қордаланған шығыны мемлекет есебінен өтелмейтінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Береке банктің» сатылатыны туралы ақпараттар айтылып жүр? Әлі сатудан үміттеріңіз бар ма? Ал оның 300 млрд теңге шығынын кім өтейді?», - деп сұрады БАҚ өкілі «Бәйтерек» ҰБХ басқарма төрағасынан.

«Біз үміттеніп отырған жоқпыз. Біз келіссөз жүргізіп жатырмыз. Кіммен екені, өкінішке қарай, коммерциялық ақпарат. Оны ашып айта алмаймын», - деді ол.

Айтуынша, банктің мойнындағы ескі шығындары бұрынғы акционердің мойнында.

Мемлекет банктің ешқандай шығынын өтемейді. Банк сатылғанға дейін келген шығындардың бізге қатысы жоқ. Бұл – банктің бұған дейінгі акционері өзіне қабылдап алған шығындар. Яғни, 1 қыркүйекке дейін болған дүниенің бәрінің бізге тікелей қатысы жоқ. Бүкіл шығындар бізге емес, бұған дейінгі акционерінің мойнында қалды», - деді Қанат Шарлапаев ҚР Президент ұлықтау рәсімінің алдында берген сұхбатында.

Айта кетейік, бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Президентінің ұлықтау рәсімі өтті.


Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar