«Байтақ» жаңа саяси партиясының сайлауалды съезі 3 ақпанда өтеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – 3 ақпан күні сағат 11:00-де Астана қаласында «Байтақ» жасылдар жаңа саяси партиясының сайлауалды съезі өтеді. Бұл туралы ҚазАқпарат партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Съезд өткізу туралы шешім партия саяси кеңесінің пленарлық отырысында қабылданған. Съезде партияның сайлауалды тұғырнамасы талқыланып, дауысқа салынады. Съезд жұмысына еліміздің барлық өңірлерінен делегаттар қатысады.

Съезді шақыру туралы қаулыға «Байтақ» партиясының төрағасы Азаматхан Әміртай қол қойды.

Еске салсақ, саяси партиялардың ішінен сайлау алдындағы съезді бірінші болып Қазақстан халқы партиясы өткізді.

Ал, 2 ақпан күні Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының кезектен тыс ХХ съезі,

7 ақпанда AMANAT партиясының кезектен тыс съезі өтетіні мәлім.


Фото: tabigat-union.kz

Соңғы жаңалықтар