«Байтақ» партиясы ұсынған бағдарламасы бойынша жұмыс істей береді - Азаматхан Әміртаев

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев партияның экзит-полл қорытындысы бойынша Парламентке өтпегеніне қарамастан, ұсынған бағдарлама бойынша өз бетінше жұмыс істей беретінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан Республикасы Президентінің саяси реформаларының арқасында жеті жыл бойғы сәтсіздіктерден кейін «Байтақ» партиясын тіркеуге қол жеткіздік. Сайлау алдындағы өткен айда біздің ұжым Қазақстанның барлық аймақтарын аралап шықты. Халық тарапынан көтерілген 500-ге жуық өткір де түйінді сауалдарды жинап, партия бағдарламасына енгіздік. Экзит-полл нәтижесі бойынша біздің партия парламентке өткен жоқ. Бірақ «Байтақ» партиясы өз күшімен ұсынған бағдарламасы бойынша жұмысты жалғастырады. Парламенттің жаңа құрамына ел игілігі үшін жұмыс істеуге тілектеспін», - деп жазды «Байтақ» партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев Facebook-те.

Соңғы жаңалықтар