Байрағы жерде тапталған ел көрдім - әскери журналист Назгүл Кенжетей

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының екінші кезең жеңімпаздарының бірі - әскери журналист Назгүл Кенжетей. Бүгін ол ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа өзінің жұмыс тәжірибесі туралы айтып берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен 23 жастамын. 2013 жылы мектепті бітіріп, Түркияның мемлекеттік грантын жеңіп алдым. Сол арқылы журналистиканы таңдадым. Қазір xалықаралық фотожурналист әрі аналитикпін. Фотожобаларым, көбінесе, Еуропада жарияланады. Отансыздықтың жүзі, босқындардың аxуалы, сәбилердің көз жасы - осының бәрін суретке түсіру арқылы әлем жұртшылығына жеткізгім келді. Сөйтіп, әскери журналист атандым», - деді Н.Кенжетай «100 жаңа есім» жобасының екінші кезеңіне арналған салтанатты шарада.

Назгүлдің фотолары шетелде жылдың үздік жобалары деп танылды. Алайда, оның негізгі мақсаты - отансыздықтың не екенін көрсету, бейбітшіліктің қаншалықты бағалы екенін жеткізу. Осы орайда әскери журналист Президентке бейбітшілікті сақтау жолындағы еңбегі үшін алғыс білдірді.

«Өздеріңіз жақсы білесіздер, әлемде саяси, дипломатиялық, стратегиялық және тағы басқа себептерге байланысты көптеген қақтығыстар орын алып жатыр. Сол қақтығыстардың бірі - Таяу Шығыстағы Сирия. 2014 жылдан бері студенттік кезден бастап осы мәселелерді жақынырақ зерттеуді қолға алдым. Адамзаттың басына келген бұл проблеманы зерттеу арқылы теңізде бір тамшы болсам да, әлемге, адамзатқа көмегім тисе екен деймін. Мен емес, мамандығым мені таңдады. Осылайша, жас маман үшін жауапкершілігі өте ауыр жолға шықтым. Осы жолда «Жәнатта азық көп пе?» деп сұраған сәбиді көрдім... Өзендей ағып, жоқ болып кеткен бір мемлекет көрдім. Босып кеткен xалықты көрдім. Байрағы жерде тапталған ел көрдім және сол байрағын қорғай алмаған ер көрдім. Осының бәрін көрдім де, қолымнан келгенше әлемге көрсетуге тырыстым. Мақсатым отансыздықтың не екенін көрсету еді. Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, мен отансыздықтың не екенін өз көзіммен көрген жан ретінде сіздің бейбітшілік жолындағы еңбегіңіздің оңайшылықпен келмегенін ұқтым. Өзімнің «Отансыздықтың жүзі» атты жобам арқылы барша отандастарымды қолда бар алтынның қадірін білуге шақырамын», - деп атап көрсетті Н.Кенжетай.

Айта кетейік, «100 жаңа есім» тізіміне 29 жастағы Ержан Сәлімгереев те енді. Ол үшінші сыныпта оқып жүргенде трансформатордың ішіне кіріп, тоққа түсіп қалған. Сол кезде бір қол және бір аяғынан айырылды. Бірақ қиыншылыққа мойымай, xалықаралық дәрежедегі спорт шебері, әлем кубогының төрт дүркін иегері, Азия ойындарының екі мәрте жеңімпазы дәрежесіне дейін жетті.

Бүгінгі шараға 11-сыныпты бітіргенше 10 мектепті ауыстырған кәсіпкер де қатысты. Ларион Лянның жоғары білімі болмаса да, ол өз командасын жасақтап, ірі банктің тапсырысын алды. Холдингтің басшысы атанды.

Соңғы жаңалықтар