+7 (701) 759 90 19
USD 411.66 EUR 465.92
RUB 5.81 CNY 58.79
Jańalyqtar

Байлығымызды емес, ақыл ойды инвестициялайтын уақыт келді – Дәурен Қуат

2020 жылғы 27 мамыр 15:22
Бөлісіңіз:
Байлығымызды емес, ақыл ойды инвестициялайтын уақыт келді – Дәурен Қуат

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, журналист, жазушы, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Дәурен Қуат бүгінгі отырыста көтерілген мәселелерге қатысты пікірін жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қашықтан оқу форматына қарамастан оқушыларды оқулықтармен қамтамасыз етеміз - министр Онлайн оқитын студенттердің оқу ақысы арзандай ма - министр жауабы Білім министрі: Дәстүрлі оқу режиміне көшкеннен кейін мектеп формасын кию талап етілмейді

Сарапшы Ұлттық кеңестің үшінші жиынында ел ертеңіне тікелей ықпал ететін білім саласына қатысты қандай ойлар айтылғанын таратып берді.

«Бүгінгі отырыста «Неге біз мұғалімдерді осы заманның тұлғасына айналдырмаймыз?» деген мәселе көтерілді. Әнші немесе спортшы емес, мұғалімнің мәртебесі қай қоғамда болмасын биік болуы керек. Балалар осы мамандыққа қызығып, еліктеп өсуі тиіс. Мектепке деген құрмет қалыптасуы керек. Біздің қоғамда қалтасында ақшасы бар емес, білімді адам мәртебелі болуы керек. Кеңес мүшесі Рауан Кенжеханұлы 2-3 ауысыммен оқитын мектептер жайлы ұсыныс жасады. Оның айтуынша, көп ауысыммен оқитын мектепте дұрыс білім болмайды. Мұғалім де темірден емес, ол да шаршайды. Сыныптағы 40 бала – 40 мәселе деген сөз. Ал қарап тұрсаңыз, үш ауысымды мектепте оқып жатқан өзіміздің қазақтың балалары. Мұны біз өзіміздің оқушыларымыздың тамырына балта шауып жатқанымыз деп түсінуіміз керек. Екіншіден, Қазақстанда білім туралы телеарна ашу туралы ұсыныс жеткізілді. Карантин уақытында бірнеше ай «Балапан» арнасынан мұғалімдер сабақ берді. Бұл бізге арнайы білім туралы телеарна қажеттігін көрсетті. Мектептегі сабақ беру методикасын арна арқылы насихаттау керек. Мұғалімдер арасында тәжірибе, методика, білім беру, түсіндіру, қызықтыру деген сияқты өзара тәжірибе алмасатын ортақ арнасы болуы керек», - деді Дәурен Қуат.

Сонымен қатар спикер Ұлттық кеңес отырысында шетелдік қазақтардың балаларын Қазақстанда оқыту мәселесі айтылғанын тілге тиек етті.

«Шетелдегі бауырларымызды, ағайындарымызды әкеліп оқыту мәселесін Асылбек Қожахметов көтерді. Олар 4-5 жыл Қазақстанда тұрғаннан кейін азаматтық алады. Осылайша демографиялық мәселе шешімін табары сөзсіз. Сондай-ақ, шетелдегі қандастарымыздың мәселесі, миграциялық процесс мәселесі оң шешімін табар еді. Мемлекет басшысы бұл ұсыныстарға қатысты керемет ойлар айтты. Әсіресе, ғылым саласында тер төгіп жүрген адамдардың әлеуметтік тұрмыстық деңгейін көтеру туралы ойлары әрқайсымыздың көңілімізден шықты», - деді ол.

Оның айтуынша, ғалым ғылыми жұмыстан басқа нәрселерге бас ауыртпауы керек.

«Ғалымдар – ақыл ой инвесторы. Олар өздерінің білімін инвестициялайды. Ғылыми техникалық прогресс болып жатқан заманда неге біз байлығымызды сатып күн көруіміз керек? Неге біз басқа елдер сияқты білімімізді игілігімізге айналдырмаймыз? Адами капиталды, ақыл-ойды пайдаланбаймыз? Міне, осы өзекті мәселелер бүгін айтылды», - деді Дәурен Қуат.

Үлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі осы уақытқа дейін кеңес тарапынан айтылған ұсыныстардың көпшілігінің жүзеге асқанын жеткізді.

«Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшелерінің айтқан ұсыныс, жобалары жүзеге асып келеді. Соның бірі — бос жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару туралы Мұхтар Тайжанның ұсынысы орындалды. Саяси партиялар мен сайлау туралы заңға өзгеріс енгізу ұсынысы қабылданды. Кеңес мүшесі Ауыт Мұқибектің халықты еңбекпен қамту және көші қон мәселесі бойынша 7 ұсынысы да қабылданды», - деді ол.

Айта кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысы өтті. Кезекті отырыс адами капиталды дамытуға, атап айтқанда, білім беру, денсаулық сақтау мәселелеріне арналған.


Фото: dalanews.kz


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT