+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Байланыс саласындағы белді шенеунік әйелінің атындағы ЖШС-ға қамқорлық жасап келген

2019 жылғы 15 қараша 12:36
Бөлісіңіз:
Байланыс саласындағы белді шенеунік әйелінің атындағы ЖШС-ға қамқорлық жасап келген

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің аймақаралық байланыс инспекциясы басшысының міндетін атқарушы сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да прокуратура органдары қызметкерлерінің заңға қайшы әрекеті анықталды Ақмола кәсіпкерлерінің 90 пайыздан астамы онлайн бақылау-кассалық машинаға ауысты БҚО-да мұғалімнен пара сұраған мектеп директорына сот үкімі шықты

Атырау облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстары бойынша аймақаралық байланыс инспекциясы» басшысының міндетін атқарушыға қатысты кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысқан деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Мәліметке сай, ол мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлға бола отырып, белгіленген тыйымға қарамастан, жұбайының атына тіркелген байланыс саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын «Ғасыр Қазсвязь» ЖШС-ін басқаруға қатысып, осы ЖШС-ға артықшылықтар мен қамқорлық көрсеткен.

Күдікті өзінің кінәсін мойындауына және күдікті мен оның қорғаушысы процессуалдық келісім жасасу туралы өтініш бергеніне байланысты күдіктіге қатысты процессуалдық ұстау шарасы қолданылмады.

Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT