Байланыс орталығынан салық құпиясын құрайтын мәліметтерді алуға болады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекеттік кірістер комитетінің Байланыс орталығына қоңырау шалып, салық құпиясын құрайтын мәліметтерді алуға болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомствоның дерегінше, Байланыс орталығына 149 салық төлеуші қоңырау шалып, жеке басын сәйкестендіру арқылы салық құпиясын құрайтын мәліметтерді алды. Ең көп қоңырау шалғандар Нұр-Сұлтан қаласынан (39) және Ақтөбе облысынан (17).

« 2022 жылғы 5 шілдеден бастап салық төлеушілер МКК Байланыс орталықтарына жүгінген кезде операторлар абонентті МКК ақпараттық жүйесі арқылы сәйкестендіріп, салық құпиясын құрайтын мәліметтерді ұсынуда. Абонентті сәйкестендіру үшін оператор салық төлеушінің ұялы телефонына тексеру кодын жібереді. Тексеру коды мен абоненттің ұялы телефон нөмірі сәйкес келген жағдайда, оператор жылжымайтын мүлік мекен-жайы, көлік құралының VIN-коды және қозғалтқыш көлемі, жеке кәсіпкер немесе заңды тұлғаның орналасқан мекен-жайы және т. б. ақпаратты ұсынады», - деп жазды комитеттен.

Заңды тұлғалардың мәліметтері бойынша ақпарат беру басшы, бюджетпен жұмыс жөніндегі жауапты қызметкер, уәкілетті тұлға немесе заңды тұлғаның құрылтайшысы өтініш жасаған жағдайда, МКК ақпараттық жүйелерінде осындай тұлғалар бойынша деректер болған кезде ғана жүргізіледі.

Заңды тұлғалардың басшыларына қосылған құн салығын төлеушісі ретінде тіркелуі туралы ақпарат, кәсіпкерліктің қай субъектісіне жататыны, құрылтайшылары, ОКЭД кодтары туралы және т.б. ақпарат ұсынылуы мүмкін.

« Жеке басын сәйкестендіру үшін мобильді азаматтар деректер қорында тіркелген мобильді телефондар нөмірлері қолданылатынын ескеру қажет. Мобильді азаматтар деректер қорында тіркелуді egov.kz порталы арқылы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО) хабарласып жасауға болады», - деп толықтырды ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар