Байланыс орталығы астаналық таксистерге шетелдіктермен тілдесуге көмектеседі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шет тілдерін білмейтін таксистер Астанаға келген өзге елдің азаматтарымен арнайы call-орталық арқылы тілдесе алады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінде "Астана Конвеншн Бюро" компаниясы "Friendly taxi" атты бағдарламаны әзірлеп жатыр. Оны Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіне дейін іске қосу жоспарланған.

"Біз аталған жобаны сынақтан өткізіп те көрдік. Ол таксистерге телефон арқылы көмектесуді көздейді. Мәселен, ресми такси көлігіне отырған адам шет тілде сөйлеп жатса, ал таксист оны түсінбесе, көлік жүргізушісі бірден call-орталыққа xабарласа алады. Ол жақта отырған операторлар көлікке отырған адамның өтінішін аударып, екеуінің тілдесуіне көмектеседі", - дейді компания басшысы Санияр Айткенов.

Астана қалалық инвестициялар және даму басқармасының мәліметіне сәйкес, өткен жылы елордаға 275 мың турист келіп кетті. Алдағы уақытта аталған көрсеткіш 700 мыңға жетеді деген жоспар бар.

Соңғы жаңалықтар