Байқоңырлықтар Жеңіс күнін қалай атап өтті

None
None
БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - Байқоңырда Жеңіс күні кеңінен аталып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Байқоңыр» кешенінде орналасқан Қазақстан мен Ресей құқық қорғау органдарының, әскери және қоғамдық ұйымдарының өкілдері қаланың орталық алаңы арқылы әскери шеру жасап өтті. Жеңіс күні бағдарламасында патриоттық іс-шаралар, Жеңіс ескерткішіне гүл шоқтарын қою, Байқоңыр қаласындағы «Батырларға тағзым» атты бас көшелердегі шеру, ардагерлерді құрметтеу, қалалық саябақтағы далалық тағамдар, үлкен концерттік бағдарлама, мерекелік отшашу болды.

Бүгінгі таңда Байқоңырда соғыс ардагерлері қалған жоқ. Қалада 58 тыл еңбеккері тұрады, олардың ешқайсысы назардан тыс қалмады. Жеңіс күні қарсаңында тыл еңбеккерлері РФ Президенті атынан, Байқоңыр қаласы әкімдігі атынан жеке құттықтау алып, оларға қалалық ұйымдар мен кәсіпкерлер атынан азық-түлік түріндегі және басқа да сыйлықтар табысталды, деді қалалық тұрғындарды әлеуметтік қорғау басқармасының өкілдері.

Мереке қарсаңында Байқоңыр қаласының әкімі Константин Бусыгин Ардагерлер үйіне барып, оларды мерекемен құттықтады.


Автор: Сара Қабиқызы

Соңғы жаңалықтар