+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Байқоңырдың 250 тұрғыны қоныс тойын тойлады

2019 жылғы 7 желтоқсан 14:32
Бөлісіңіз:
Байқоңырдың 250 тұрғыны қоныс тойын тойлады

БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат – Бүгін байқоңырлықтар қоныс тойын тойлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша 6 көпқабатты үй бой көтереді Өскеменде жетім баланың пәтерінде мемқызметші тұрып жатқаны жайлы ақпарат - жалған Зәуреш Батталова: Баспанасы бар адамды баспанасызға айналдыру - қылмыс

Байқоңырда тұратын қазақстандықтарға пәтер кілтін Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов тапсырды.

Аймақ басшысы құттықтау сөзінде Байқоңырда соңғы 30 жылда алғаш рет 50 пәтерлік бес көпқабатты үй салынғанын атап өтті. Жалпы аумағы – 15 700 шаршы метр. Құрылыс жұмыстарының құны 2 млрд 210 млн теңгені құраған.

Көпқабатты бес үйдің құрылысы өткен жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында басталған. Биылғы қазан айында пайдалануға беріліп, қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына тапсырылды.

250 пәтердің 50-і «Байқоңыр» ғарыш кешеніндегі қазақстандық құрылымдарда жұмыс істейтін мамандарға қызметтік баспана ретінде берілетін болып шешілді. Қалған пәтерлерге көп жылдан бері кезегін күткен тұрғындар жайғасады.

Баспаналы болғандардың ішінде «Бәйтерек» қазақстандық-ресейлік кәсіпорнының қызметкері Қорғанбек Қайназаров та бар. Ол аталмыш компанияда бөлім бастығы болып еңбек етеді. Оның айтуынша, бұл қазақстандық зымыран кешенін құру үшін тынбай еңбектеніп жүрген кәсіпорын мамандарын ынталандыра түседі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жанат Қапалбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT