Байқоңырдан ұшырылған «Астра-2Ж» еуропалық ғарыш аппараты орбитаға шығарылды

None
None
БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - 2014 жылдың 28 қаңтарында Астана уақыты бойынша сағат 03:37-де Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған «Астра-2Ж» еуропалық ғарыш аппараты (ҒА) мақсатты орбитаға шығарылды. Бұл жөнінде «Ресейғарыштың» баспасөз қызметінен хабарлады.

Ғарыш аппаратының «Бриз-М» жүрдек блогынан (ЖБ) мақсатты орбитада штаттық ажырауы «Бриз-М» ЖБ бар «Протон-М» зымыран-тасығышы ұшқаннан кейін тоғыз сағат өткен соң өтті.

«Астра-2Ж» телекоммуникациялық ғарыш аппараты ұшырудың тапсырыс берушісімен басқаруға алынды, деп атап өтті баспасөз қызметінен.

Осылайша, «Ресейғарыш» Байқоңыр ғарыш айлағынан 2014 жылғы ұшыруларды «Протон-М»-нің табысты ұшуымен аяқтады.

Соңғы жаңалықтар