Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.91 EUR 428.81
RUB 5.79 CNY 54.79
Jańalyqtar

Байқоңырдан тағы бір экипаж орбитаға ұшырылды

2019 жылғы 20 шілде 23:22 200
Бөлісіңіз:
Байқоңырдан тағы бір экипаж орбитаға ұшырылды

БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат – Бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен түнгі сағат 22-ден 28 минут 21 секунд кеткенде Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз МС-13» кемесі жер орбитасына шығарылды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі «Роскосмостың» баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Кемені халықаралық экипаж басқарады. Оның құрамында ресейлік ғарышкер Александр Скворцов, ЕКА астронавы, италиялық Лука Пармитано және НАСА астронавы Эндрю Морган бар. Кеменің ғарышқа көтерілген сәті тікелей эфирде көрсетілді. Зымыран тасығыш алғашқы екі сатыдан уақытында бөлініп, ұшу бастаған сәттен 10 минут өткенде орбитаға шықты.

«Союз МС-13» кемесін станциямен жақындастырып, «Звезда» қызметтік модуліне қондыру процесі автоматты режимде іске асырылады. Бұл жұмыс ұшу бастаған сәттен алы сағат өткенде, Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 21 шілде күні сағат 04:50-ге жоспарланған», - делінген «Роскосмостың» баспасөз ақпаратында.

Экипаж құрамындағы Александр Скворцов үшінші рет ғарышқа аттанса, Лука Пармитано –үшін бұл сапар екінші экспедиция болмақ. Тек Эндрю Морганғана тұңғыш рет Байқоңыр айлағынан әуеге көтеріліп отыр. Оларға ғарыш кеңістігінде көптеген ғылыми эксперименттер орындап, түрлі елдерден келген жүк кемелерімен жұмыс істеу қажет. ХҒС борттық жүйелеріне қызмет көрсету, ғарыштан фото мен видео түсіру міндеті де жүктелген. Оларды халықаралық ғарыш станциясының бортында Алексей Овчинин, Ник Хейг және Кристина Кук қарсы алатын болады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Байқоңыр, Ғарыш,
Бөлісіңіз:

Аударма:

Есімжан Нақтыбай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT