Байқоңырдан Ресейдегі ең қуатты байланыс спутнигі ұшырылады

None
None
БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - Байқоңыр ғарыш айлағынан 2019 жылдың мамыр айының соңында әуе кемесі ұшырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ямал-601» телекоммуникациялық ғарыш құрылғысы 30 мамырда «Бриз-М» үдемелі богымен жабдықталған «Протон-М» зымыранының көмегімен ұшырылады деп жоспарланып отыр. «Ямал-601» ғарыш құрылғысының бастапқы салмағы 5400 келіден асады.

Хруничев атындағы мемлекеттік ғарыш ғылыми-өндірістік орталығының баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 2019 жылдың 27 сәуірінде «Ямал-601» ғарыш құрылғысы Байқоңыр ғарыш айлағына «Волга-Днепр» әуе компаниясының АН-124 транспорттық ұшағымен жеткізілген еді.

«Ямал-601» спутнигін Thales Alenia Space еуропалық компаниясы Ресейдің «Газпром ғарыш жүйесі» компаниясының (ГҒЖ) тапсырысымен жасаған. Ол қазіргі «Ямал-202» спутнигінің орнына, орбитада 49 градус шығыс бойлыққа жайғасады.

Спутник Еуропалық одақ аумағына, Ресейдің еуропалық бөлігіне, Орал мен Батыс Сібірге байланыс қызметін ұсынады. Сондай-ақ, Таяу Шығыс, Солтүстік Африк және Оңтүстік-Шығыс Азия өңірлері «Ямал-601» сәуле тарату аймағына кіреді.

Сара Кабикызы

Соңғы жаңалықтар