+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Байқоңырдан OneWeb спутниктер тобы ұшырылды

2021 жылғы 22 тамыз 10:01
Бөлісіңіз:
Байқоңырдан OneWeb спутниктер тобы ұшырылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы сағат 04:13-те Байқоңыр ғарыш айлағы 31-ші алаңының «Восток» ұшыру кешенінен Фрегат» үдемелі блогы және OneWeb британдық 34 ғарыш аппараты бар «Союз-2.1б» зымыран-тасығышы ұшырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Матрица: Алматы облысы «қызыл», Қызылорда облысы «жасыл» аймаққа өтті Ғарышқа ұшқан алғашқы киноэкипаж Қазақстан аумағына қонды Қытай екінші пилоттық кемесін ғарышқа ұшырды

Бұған дейін зымыран-тасығышты ұшыру техникалық себептерге байланысты екі рет кейінге шегерілген болатын. Ал бүгінгі ұшыру сәті Роскосмостың телестудиясынан тікелей эфир арқылы көрсетілді. Тікелей репортажды жүргізушілердің ақпаратына сәйкес, зымыран штаттық режимде ұшырылды. «Союз 2.1 б» зымыран-тасығыш сатысының бөлінуі ұшу циклграммасына сәйкес болды. Зымыран ұшырылғаннан кейін 10 минуттан соң спутниктер топтасы бар басты блок орбитаға шықты.

OneWeb төменорбиталды ғарыш аппараттары жер бетіндегі тұтынушыларды тікелей спутник байланысы арқылы жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз етуге арналған. Бүгінге дейін орбитаға 254 ғарыш аппараты шығарылған болатын. Енді тағы 34 спутниктің шығарылуымен олардың саны 288-ге жетеді. Компания жалпы саны 500-ден астам спутникті Жер айналасындағы орбитаға шығарып, оларды коммерциялық мақсатта пайдалануды көздеп отыр.


Сара Қабиқызы


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT