Байқоңырдан Eutelsat 9B байланыс серігі бар «Протон-М» ұшырылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандағы Байқоңыр ғарышайлағынан «Бриз-М» жүрдек блогы мен Eutelsat 9B еуропалық байланыс серігі бар «Протон-М» зымыран-тасығыгы ұшырылды, деп хабарлады сенбі күні РИА Новости агенттігіне «Роскосмос» мемлекеттік бірлестігінің өкілі.

Ұшыру логистикаға кері әсерін тигізген қолайсыз ауа райы жағдайы салдарынан 28 қаңтардан 30 қаңтарға ауыстырылған.

«Протон» зымыран тасығышы жергілікті уақыт бойынша сағат 01:20-да ұшырылды. Шамамен он минуттан кейін зымыранның ғарыш аппараты және жүрдек блогы бар ьас бөлігінің ажырауы күтіліп отыр», - деп хабарлады агенттіктің әңгімелесушісі.

Соңғы жаңалықтар