Байқоңырдан биыл ұшқан соңғы зымыран тікелей эфирден көрсетіледі
2021 жылғы 27 желтоқсан 14:28

Байқоңырдан биыл ұшқан соңғы зымыран тікелей эфирден көрсетіледі

БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат – Байқоңыр ғарыш айлағында OneWeb ғарыш аппараттарының жаңа топтамасын ұшыруға дайындық жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Фрегат» үдемелі блогы және 36 OneWeb ғарыш аппараты бар «Союз-2.1б» зымыран тасығышы Байқоңыр ғарышайлағының «Восток» ұшыру кешенінде 2021 жылдың 24 желтоқсанында орнатылған.

Ұшыру кешені жүйелері қызметінің басты сынақтары, зымыранға отын құю құбырларының тұмшалылығын тексеру сәтті аяқталды.

Бүгін комиссия отырысы өтіп, оның қорытындылары бойынша зымыран-тасығышқа отын құю және белгіленген уақытта ұшыру шешімі қабылданады, деп хабарлайды Роскосмостың баспасөз қызметінен.

Бұрын хабарланғандай, Байқоңыр осымен биылғы ұшыру бағдарламасын аяқтайды.

«Фрегат» үдемелі блогы және 36 OneWeb ғарыш аппараты бар «Союз-2.1б» зымыран тасығышын ұшыру 27 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 19:10-ға жоспарланған.

Байқоңырдан 2021 жылғы соңғы ұшыру процесі тікелей эфирден көрсетіледі.

Көрсетілім Роскосмос сайтында Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 18.00-де басталады.


Jańalyqtar

MURAǴAT