Байқоңырдан ай сайын бір жер серігін ұшыра аламыз - Асқар Мамин

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин «Байқоңыр» ғарыш айлағының болашағы туралы айтып берді , деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан егемен ел болғалы бері «Байқоңыр» ғарыш айлағынан мыңдаған зымыран ұшырылды. Бүгінде Роскосмоспен бірлесе отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеміз. Алдағы уақытта «Бәйтерек» зымыран кешенін іске қосуды жоспарлап отырмыз. Соның арқасында ай сайын бір жер серігін ғарышқа ұшыра аламыз. Біз «Байқоңырды» жаңарту мен кеңейту шараларына қаржы салуды жалғастыра береміз», - деді А.Мамин Қазғарыштың 25 жылдығына арналған форумда. Аталған шара V халықаралық «KADEX-2018» қару-жарақ пен әскери теxника көрмесі аясында өтті.

Вице-премьердің айтуынша, «KazSat» спутниктік жүйесі ішкі сұранысты толығымен қамтамасыз етіп отыр. Аталған жүйені мемлекеттік органдарда, жеке секторда пайдаланып келеді.

«Мәселен, жерді қашықтан зонтдау жүйесінің мәліметтерін Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер министрлігі қолданып отырады. Біз қазіргі әлеуетімізді одан ары дамытатын боламыз. Себебі ғарыш технологиялары экономикалық дамуға айтарлықтай үлес қосып отыр», - деп атап көрсетті А.Мамин. 

Айта кетейік, ағымдағы жылы Қазақстанның жаңа екі жер серігі ғарышқа ұшырылады. «Жылдың соңында бір тағы екі жаңа жер серігін ғарышқа ұшырайын деп отырмыз. Аталған аппараттарды Қазақстан мен Ұлыбритания мамандары құрастырды. Бүгінде аталған жоба 98 процентке дайын. Соның арқасында қазақстандық мамандардың бес бірдей жаңалығы сынақтан өтеді. Ол мамандардың барлығы Еуропа мен Ресейде тәжірибе жинақтап қайтқан», - деп атап көрсетті М.Нұрғожин.

Соңғы жаңалықтар