Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.17 EUR 429.11
RUB 5.88 CNY 56.48
Jańalyqtar

Байқоңырдағы зымыран апатының видеосы жарияланды

2018 жылғы 11 қазан 15:56 500
Бөлісіңіз:
Байқоңырдағы зымыран апатының видеосы  жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырылып, апатқа ұшыраған зымыранның видеосы жарияланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Зымыранды ұшыру оқиғасына куәгерлер ғарыш кемесінің Байқоңырдан сәтті ұшырылғанын және зымыран тасығыштың бірінші сатысының ажырағанын көрген. Бірақ олар апаттық құтқару жүйесінің (АҚЖ) қалай жұмыс істегенін көре алмайтын еді. Жерге қондыратын аппарат жеке бөлініп, парашютпен жерге түседі.

Еске сала кетейік, біз бұған дейін Байқоңындағы апаттық оқиға туралы хабарлаған болатынбыз.

2018 жылғы 11 қазан күні 14 сағат 40 минут 15 секундта Байқоңыр ғарыш айлағының Гагарин старт алаңынан орбитаға басқарылатын көліктік «Союз МС-10» кемесін алып шығуы тиіс «Союз ФГ» зымыран тасығышы ұшырылған болатын. Бірақ старт берілген соң бірнеше минуттан кейін Роскосмос сайтындағы тікелей көрсетілім үзіліп, диктор «зымыран тасығыштың апатқа ұшырағанын» жеткізді.

 




Байқоңырдағы зымыран апатының видеосы  жарияланды 
Байқоңырдағы зымыран апатының видеосы  жарияланды 


Авторы: Сара Қабиқызы

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Байқоңыр, Оқиға,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
MURAǴAT