Байқоңырдағы старт алаңы жаңғыртылмақ

None
None
БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясы мен Ресейдің тікелей инвестициялар қоры (РТИҚ) «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы Гагарин старт алаңын жаңғырту туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Роскосмостың» баспасөз қызметі таратқан хабарға қарағанда, оған 87 млн доллар мөлшерінде инвестиция тартылады.

Жоба аясында ғарыш айлағының №1 ұшыру алаңын (Гагарин старт алаңы) жаңғырту және оны «Союз-2» тасымалдаушы зымырандарын ұшыруға пайдалану көзделіп отыр.

Хабарламада айтылуынша, РТИҚ және өзге серіктестердің инвестициялары ғарыш айлағының жер үсті инфрақұрылымын жаңартып, Ресейдің ғарыш өнеркәсібінің бәсекеге төзімділігін арттыруға септігін тигізеді.

Автор: Сара Қабиқызы

Соңғы жаңалықтар