Байқоңырдағы «Протон» апатына орай Қазақстанда үкіметтік комиссия құрылады

None
None
АСТАНА. 2 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін Байқоңыр айлағында «Протон» зымыранының құлауына орай Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров жетекшілік ететін үкіметтік комиссия құрылады.

Бұл туралы Үкіметте Премьер-Министр Серік Ахметовтің жетекшілігімен өткен шұғыл отырыста мәлім болды.

Шұғыл кеңесте Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко, Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов және Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев оқиға орнында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін атқарылып жатқан жедел шаралар туралы хабарлады.

Атап айтқанда, ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Қазалы ауданының полиция бөлімі дабыл бойынша әзірлікке кіріскенін жеткізді.

Еске салайық, ДМ-03 үдеткіш блогы және «Глонасс-М» үш ресейлік навигациялық ғарыш аппараты бар «Протон-М» зымыран-тасығышының бүгін Астана уақыты бойынша сағат 08.38-де «Байқоңыр» ғарыш айлағының №81 алаңынан жасалған ұшырылымы апатпен аяқталған болатын. ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінде растағандай, «Протон-М» зымыран-тасығышы ұшырылымнан кейін 10 секундтан соң жерге құлап, жарылды. Аталмыш ұшырылымның мақсаты - орбитадағы «ГЛОНАСС» ресейлік тобын толықтыру.

Соңғы жаңалықтар