+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Байқоңырдағы қазақ мектептерінің барлығын Ресей қаржыландырып отыр

2010 жылғы 23 ақпан 14:59
Бөлісіңіз:

АСТАНА. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Байқоңыр қаласындағы қазақ мектептерінің барлығын Ресей қаржыландырып отыр. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «ҚР мен РФ арасындағы «Байқоңыр» кешенін тиімді пайдалану жөніндегі ынтымақтастықты дамыту туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын талқылау барысында мәлім болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жобаны талқылау барысында депутаттар Байқоңыр қаласындағы ел азаматтарының әлеуметтік-экономикалық және құқықтық жағдайына қатысты орын алып отырған проблемаларды көтерген болатын. Мәселен, депутат Уәлихан Қалижан бүгінгі күні Байқоңыр қаласында жалпы білім беретін 14 мектеп жұмыс істесе, соның 6-уы қазақ тілінде оқытатынын, бірақ бұлардың бағдарламаларының барлығы Ресей стандартына сәйкестелгенін айтты. «Ендеше, бұл мектептерге қазақ тілі мен әдебиетін, географияны қосып, аудармамен қазақша оқысын деп кіргізіп қойсақ, бұл қазақ мектебі санала ма екен?! Керісінше, қазақ мектептерінде таза қазақ бағдарламалары оқытылып, аракідік Ресей стандарттарына сәйкес басқа пәндер оқытылуы шарт қой», деді У. Қалижан.

Өз кезегінде жиынға қатысқан Білім және ғылым министрлігінің өкілі ең алдымен Байқоңыр қаласындағы мектептердің барлығын (оның ішінде қазақ мектептерін де) Ресей тарапы қаржыландырып отырғанын алға тартты. Сондықтан да, оқу бағдарламаларында сол елдің стандарттары басым болып отырғанға ұқсайды. «Дегенмен, орыс тіліндегі 8 мектеп толық Ресей стандартымен оқытылса, қалған 6 мектеп 2006 жылдан бастап Қазақстан стандартына кезең-кезеңмен өте бастады. Бүгінгі күні 1-3 сыныптар Ресей стандартымен, ал 4-11-ге дейінгі сыныптар Қазақстанның стандартымен оқып жатыр. Бұл жерде, Ресей стандарты бастан-аяқ көшіріліп, аударылып отырған жоқ, оқулық мазмұны мен құрылымы еліміздің бағдарламасына ұқсатылған. Бұдан бөлек, аталған 6 мектепте төрт пән - қазақ тілі, қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы мен географиясы енгізілген. Яғни, бұл білім ошақтарында негізінен Ресей стандарттары қолданылғанына қарамастан, өз материалдарымыз молынан пайдаланылады», деді министрліктің өкілі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қанат Мәметқазыұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT