Байқоңырдағы апаттан кейін бірінші рет ғарышқа жүк кемесі аттанады

None
None
БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - Байқоңыр ғарыш айлағынан «Прогресс МС-10» көліктік жүк кемесінің (КЖК) ұшырылуына дейін үш тәуліктен аз уақыт қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін «Прогресс МС-10» көліктік жүк кемесі бар «Союз-ФГ» зымыран тасығышы Байқоңыр ғарыш айлағының №1 ұшыру алаңына шығарылып, орнатылды, деп хабарлады Роскосмостың баспасөз қызметінен.

Роскосмос кәсіпорнының мамандары ұшыру кешенінде технологиялық операцияларды аяқтап қалды.
null 

«Прогресс МС-10» көліктік жүк кемесі бар «Союз-ФГ» зымыран тасығышы  Байқоңыр ғарыш айлағының №1 ұшыру алаңынан 2018 жылдың 16 қарашасында ұшады деп жоспарланып отыр. Бұл - «Союз-ФГ» ЗТ-ның 2018 жылғы 11 қазандағы апатынан кейінгі бірінші қадам.  

«Прогресс МС-10» кемесі Халықаралық ғарыш станциясына 2,5 тоннадан астам жүкті, соның ішінде отын, ауа, станцияны жұмыс жағдайында ұстап тұруға арналған жабдықтар, экипаж мүшелеріне қажетті заттарды жеткізеді.

Соңғы жаңалықтар