Байқоңырда жоғалған екінші баланы іздеу ертең жалғасады

None
None
БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - Бүгін Байқоңырда жоғалған екінші баланы іздеу шаралары ертең жалғасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Естеріңізге сала кетелік, 20 ақпанда Байқоңыр қаласында жергілікті уақыт бойынша сағат 10.30 шамасында екі оқушы жоғалып кеткен. 21 ақпанынан бастап Ресей Ішкі істер министрлігі «Байқоңыр» кешеніндегі басқармасы, ҚР Ішкі істер министрлігі Байқоңыр қаласындағы өкілдігі және ҚР ішкі істеп органдары қызметкерлері жоғалған балаларды іздеу іс-шараларын жүргізді. Бұл мақсатта Қызылорда қаласынан арнайы топ Байқоңыр қаласына жетті. Сондай-ақ, іздеу шараларына ерікті азаматтар да көмек көрсетті. Сырдария өзенін тікұшақпен бақылау барысында олардың бірінің денесі табылып, сүңгуірлерімен өзен жағасына шығарылды. Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабаралуынша, екінші баланы іздеу ертең жалғасады.

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Байқоңыр қаласына арнайы келді. Қайтыс болған Ерхан Анастың ата-анасымен арнайы кездесіп, қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.

«Облыс әкімі Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы Константин Бусыгинмен кездесті. Кездесу барысында жоғалған балаларды іздеу бойынша атқарылған және жоспарланған іс-шаралар талқыланды.

Бұдан бөлек, облыс әкімі Байқоңыр қаласында құқық қорғау органдары өкілдері, төтенше жағдай қызметкерлері, Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары және мектеп директорларының қатысуымен жиналыс өткізді. Жиналыс барысында аймақ басшысы балалардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыруды жүктеді. Қазіргі уақытта жоғалған Нұрәлі Оразбаевты іздестіру бойынша шаралар жалғасуда», - деді Қызылорда облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар