Байқоңырда Жеңіс күні тойланды

None
None
БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - Байқоңырда бүгінші Жеңіс күні салтанатты іс-шараларға толы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Байқоңыр қаласының тұрғындары, соғыс және тыл ардагерлері таңертең қалалық саябақтағы Жеңістің 50 жылдығы ескерткішінің алдына жиналып, гүл шоқтарын қойды. Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Кейін Ресей және Қазақстан полициясының қызметкерлері шеруге қатысушылардың алдынан салтанатты маршпен жүріп өтті.

Бүгінгі мерекеге қаладағы жалғыз соғыс ардагері, 96 жастағы Құлмырза Жолманов пен 70 тыл ардагері шақырылды. Жеңіс күнін мерекелеудің басты оқиғасы - «Байқоңырдың Жауынгерлік полкі» акциясы болды.


Алаңнан қалалық авто және мотоклуб мүшелерінің қатысуымен авто және мототехника тізбегі өтті.

Айта кетейік, Байқоңыр автоәуесқойлары 9 мамыр қарсаңынжа флешмоб ұйымдастырып, әлеуметтік желілерге видео жариялаған болатын.
Кейін мерекені атап өту шарасы қалалық саябақта жалғасты. Жеңіс күнін тойлау барысында кешкісін Орталық алаңда үлкен концерт өтіп, отшашумен аяқталады.



Байқоңыр қаласы әкімшілігінің баспасөз қызметінен хабарланғандай, 9 мамыр қарсаңында барлық соғыс, тыл ардегерлерінің үйлерін аралап, оларға азық-түлік жиынтықтары табысталған.


Соңғы жаңалықтар