Байқоңырда жазғы ұшырылымдарға дайындық жүріп жатыр

None
None
БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - «Байқоңыр» ғарыш айлағында Халықаралық ғарыш стансасына (ХҒС) әуе кемелерін ұшыруға дайындық жұмыстары қарқынды жүруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазіргі таңда «Союз-ФГ» зымыран тасығышының бірінші және екінші саты блоктарын механикалық құрастыру аяқталды. Ол 2019 жылғы 20 шілдеде жаңа ұзақмерзімді экспедиция мүшелерін Халықаралық ғарыш стансасына жеткізетін «Союз МС-13» әуе кемесін орбитаға шығаруы тиіс. Бұл туралы «Роскосмос» баспасөз қызметінен хабарлады.

Негізгі экипаж құрамына ғарышкер Александр Скворцов, астронавтар Лука Пармитано мен Эндрю Морган, сондай-ақ қосалқы құрамға - Сергей Рыжиков, Томас Маршбёрн және Соичи Ногучи кірді.

«Союз МС-13» экпаждары алдағы аптада Байқоңырға келеді деп жоспарланған.

Сонымен қатар «Союз МС-14» транспорттық кемесін ұшыруға да дайындық жұмыстары жүрп жатыр. Роскосмос мамандары оны вагоннан шығарып, сынақ алаңына қойды. Жақын арада «Союз» тексеріліп, жерүсті тексеру аппаратурасына коммуникация жалғанады.

«Союз МС-14» ұшыру биылғы 22 тамызға жоспарланған. ОЛ ұшқышсыз режімде жүргізіледі.

Автор: Сара Қабиқызы

Соңғы жаңалықтар