Байқоңырда «Союз МС-06» ғарыш кемесінің ұшырылымы сәтті өтті

None
None
БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - 13 қыркүйек күні Астана уақытымен 03 сағат 17 минутта «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ресейлік-америкалық экипажы бар «Союз МС-06» көліктік басқарылатын кемесі сәтті ұшырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.



Халықаралық ғарыш стансасына (ХҒС) ұзақмерзімді экспедицияға 53/54 жаңа экипажы аттанды. Оның құрамында кеме командирі, Роскосмос ғарышкері Александр Мисуркин және бортинженерлер, НАСА астронавттары Марк Ванде Хай және Джозеф Акаба бар.

«Союз МС-06» кемесі ХҒС-тың ұшу бағдарламасына сәйкес ұшырылды және ол штаттық режімде өтті. 53/54 экипажы ХҒС-та 167 тәулік болатыны күтілуде. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Роскосмос экипаждың кемеге отырғызылу сәтінен бастап, өзінің ресми сайтында тікелей эфир жүргізді.

Еске салайық, кеше, 12 қыркүйек күні Астана уақытымен 01 сағат 23 минутта «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Амазонас-5» телекоммуникациялық спутнигі бар «Протон-М» зымыран тасығышы ұшырылды .


Соңғы жаңалықтар