Байқоңырда «Прогресс МС-13» жүк кемесі ұшу кешеніне қойылды

БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат – Байқоңыр ғарыш айлағында «Союз-2.1а» зымыран-тасығышы «Прогресс МС-13» жүк кемесімен бірге ұшу кешеніне қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазіргі таңда зымыран-тасығыш кемемен бірге Байқоңыр ғарыш айлағындағы № 31 ұшу кешеніне қойылды. Ресейлік зымыран-ғарыш саласының кәсіпорын мамандары бірінші ұшу күнінің кестесі бойынша өз жұмыстарына кірісті. Бүгін жүк кемесінің жүйелері мен агрегаттарына, зымыран-тасығыш пен ұшу кешеніне автономдық сынақ жүріп жатыр», - деп хабарлады Роскосмос баспасөз қызметінен.
«Прогресс МС-13» жүк кемесі «Союз-2.1а» зымыран-тасығышымен бірге 2019 жылдың 6 желтоқсанында Нұр-Сұлтан уақытымен 15 сағат 34 минутта ұшырылады деп жоспарлануда.
Бұдан бұрын хабарланғандай, ғарыш кемесі 1 желтоқсанда көкке көтерілуі тиіс еді, адайда ол кеменің қосымша тексеру жұмыстарына байланысты кейінге қалдырылды.
Ғарыштық жүк кемесі Халықаралық ғарыш стансасына отын, оттегі, ғылыми тәжірибелерге арналған құрал-жабдықтар, медициналық заттар, тамақ пен су, экипажға хабарлама жеткізуі керек.
Автор: Сара Қабиқызы
- Қызылордада көлік апатынан екі адам көз жұмды
- Қызылордалық ерлі-зайыптылар үйлену тойын 13 жылдан кейін жасады
- Қызылорда облысына ертең тұман түседі
- Байқоңырда Қазалы ауданының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті
-
Байқоңырдың 250 тұрғыны қоныс тойын тойлады
-
Қызылордада «Smart Qyzylorda» мобильдік қосымшасы іске қосылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам