+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Байқоңырда карантин 15 маусымға дейін ұзартылды

2020 жылғы 26 мамыр 08:44
Бөлісіңіз:
Байқоңырда карантин 15 маусымға дейін ұзартылды

БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат – 25 мамырда өткен қалалық жедел штабтың отырысында Байқоңыр аумағында коронавирус инфекциясы бойынша карантинді 2020 жылдың 15 маусымына дейін ұзарту шешімі қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылорда әкімі қаладағы бірқатар нысанды аралады Коронавирус: Қызылорда облысында мобильді бригадалар құрылды Қызылорда облысында 3 айға жетерлік дәрілер бір аптада сатылып кеткен

Бұған дейін шектеу шараларын 1 маусымда алып тастау жоспарланған еді.

Штаб отырысында Ресейдің Федералды медико-биологиялық агенттігі «Байқоңыр» кешенінің өңірлік басқармасының басшысы Андрей Попов коронавирус инфекциясын жұқтырған жаңа жағдайлар туралы хабарлады.

Жалпы алғанда Байқоңырда жағдай тұрақты: 241 адам өз үйлерінде оқшауландырылды. Инфекцияға 287 тест тапсырылды. Оның 7-еуі оң нәтиже көрсетті (16-24 мамыр).

Қызылорда облысындағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, штаб мүшелері COVID-19 індетінің таралуын алдын алу бойынша шектеу шараларын 2020 жылдың 15 маусымы сағат 00:00-ге дейін ұзартуды шешті.

Осы күнге дейін бақылау-өткізу пунктерінде шектеулер сақталады. Байқоңыр қаласы, Торетам кенті және Ақай ауылдық округінің тұрғындары бақылау-өткізу пунктері арқылы арнайы рұқсат қағаздары бойынша өтетін болады.

Сонымен қатар, жедел штабтың шешімімен күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режим мен әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, көрмелер мен мұражайлардың, меншік түріне қарамастан жабық түрдегі спорт нысандарының, фитнес-клубтардың және спорт залдарының қызметіне рұқсат етілді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT