Байқоңырда Халық спорты ойындары өтті

None
None
БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - Байқоңыр қаласында Қызылорда облысының VI Халық спорты ойындары өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Ойындардың бас төрешісі, Қызылорда облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының бұқаралық спорт бөлімінің басшысы Ғалым Сиқымовтың айтуынша, жарысқа 7 аудандық, 2 қалалық (Қызылорда, Байқоңыр) команда сапында 1300 адам қатысты.

null«Байқоңыр қаласының спорттық инфрақұрылымы осындай деңгейдегі жарыстарды өткізуге мүмкіндік береді. Облыс ойындарындағы жеңімпаздар қыркүйек айында Ақтау қаласында өтетін республикалық ойындарға жолдама алды», - дейді Ғ. Сиқымов.

nullVI Облыс ойындары бағдарламасына президенттік көпкүрес, мини-футбол, волейбол, пляж волейболы, армрестлинг, гір көтеру, үстел теннисі, стритбол, стрит-воркаут, қазақ ұлттық спорт түрлерінен - қазақ күресі, асық ату, тоғызқұмалақ жарыстары енгізілді.

nullЖалпыкомандалық есепте Қызылорда қаласының спортшылары бірінші орынды жеңіп алды, 2-орын Жаңақорған ауданына бұйырды. Байқоңыр үшінші орынға тұрақтады.

Қызылорда облысының VIІ Халық спорты ойындары 2022 жылы өтеді.

Соңғы жаңалықтар