Байқоңырда екі апта ішінде 23 адам COVID-19 жұқтырды

None
None
БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - Соңғы екі аптада Байқоңыр қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ресей Федералды медициналық-биологиялық агенттігі «Байқоңыр» кешені аймақтық басқармасының басшысы – «Байқоңыр» кешенінің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Андрей Поповтың айтуынша, 2022 жылдың 16 наурызынан 7 шілдесіне дейін қалада коронавирус ауруы тіркелген жоқ.

Ресми статистикаға сәйкес, 2022 жылғы 16 наурыздағы жағдай бойынша Байқоңыр қаласында пандемия басталғалы бері SARS-CoV-2 коронавирус инфекциясының 3 789 жағдайы тіркелді. 7 шілдеден бастап аурушаңдық өсімі байқалды. 2022 жылғы 22 шілдедегі жағдай бойынша бұл көрсеткіш 3812 жағдайға дейін өсті. Яғни, екі аптада 23 Байқоңыр тұрғыны ауырып қалды.

«Байқоңыр» кешенінің бас санитарлық дәрігерінің болжамы бойынша, ауру санының артуы, яғни шарықтау шегі күніне шамамен 30-45 жағдай анықталған кезде, оныншы тамызға таман болады.

«Егер эпидемиологиялық процесс осы мүмкін шеңберден шықпаса, сондай - ақ науқастар арасында инфекцияның ауыр түрлері аз болса, қатаң шектеу шараларын енгізбеуге болады», - деді А.Попов.


Соңғы жаңалықтар