Байқоңырда атқарушы өкімет органдарын құру тәртібі туралы келісімге өзгеріс енгізілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Ресеймен арадағы Байқоңырда атқарушы өкімет органдарын құру тәртібі мен олардың мәртебесі туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы келісімге өзгеріс туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Соңғы жаңалықтар