Байқоңырда 3 тәуліктен бері көшелер мен жолдар судан тазартылуда

БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - Байқоңырда көшелер мен аулаларды су басу жағдайы әлі күрделі күйінде қалып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ғарыш қалашығының орталық көшелері құрғатылғанымен қаланың төменгі бөлігінде орналасқан 7-ші шағын ауданында тиісті жұмыстар тәулік бойына жүргізіліп жатыр, алайда су деңгейі айтарлықтай төмендеген жоқ, деп хабарлады қала әкімдігіндегілер.
Жағдайдың бұлайша өріс алуы мамандардың пікірінше, топырақ құрамының қатып қалғандығымен және қалада жаңбыр суы ағатын жүйенің болмауымен байланысты. Мұндай жүйені қалалық коммуналдық қызмет өкілдері көптен бері қажет етпеген. Өйткені мұндай мол көлемде қардың түсуі немесе жауын жаууы көп жылдардан бері болмаған.
Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласының мамандары суды сорғыту жұмыстарын жалғастыруда.
- ШҚО-да үздік тергеуші мен анықтаушы марапатталды
- Қызылорда облысында салықтан жалтарған кәсіпкер мемлекетке 136 млн теңге шығын келтірген
- Бағдадтағы жарылыс: 5 адам қаза тауып, жетеуі жараланған
- Талдықорғанда қоғамдық көлік отқа оранды
-
4 кеншінің өлімі: Жұмыс берушілердің кінәсі дәлелденді
-
Дәрі-дәрмектің шекті бағасын төмендету үшін қандай шаралар қолданылуда – ҚР ДСМ
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам