Байқоңырда 2018 жылғы алғашқы ұшырылым жасалмақ

None
None
БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - Байқоңыр ғарыш айлағында Халықаралық ғарыш станциясы (ХҒС) бағдарламасы аясында «Прогрес МС-08» көліктік жүк кемесін ұшыруға дайындық жүргізілуде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

2018 жылдың 7 ақпанында «Прогрес МС-08» көліктік жүк кемесі «Союз-2.1а» зымыран-тасығышымен бірге құрастырылу үшін бас блок құрамымен темір жол арқылы жөнелтілді. Роскосмостың хабарлауынша, жалпы құрастырылым бойынша технологиялық операциялар кешені 8 ақпан күні зымыран-тасығыштың монтажды-зерттеу корпусында жүргізіледі.

«Прогрес МС-08» КЖК Халықаралық ғарыш станциясына экипаждың өмір сүруі мен станцияның жұмыс істеп тұруы үшін 2,5 тоннаға жуық жүкті жеткізеді. Оның 1390 келісі құрғақ жүк, 890 келі жағармай, 420 кг су, сонымен бірге 46 келі баллонға сығылған ауа мен оттегі.

Ғарышқа осы сапардың жүргізілуімен Байқоңыр ғарыш айлағында Роскосмостың 2018 жылғы бағдарламасы басталады.

Соңғы жаңалықтар