Байқоңырда 17 жастағы жасөспірім бірнеше күннен бері хабарсыз кетті

None
БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 17 жастағы жасөспірім бірнеше күннен бері хабарсыз кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Байқоңыр қаласының 17 жастағы тұрғыны Абдрахимов Асылан Ақылбекұлы 15 қарашада Қызылорда қаласына кеткен.

Бірнеше күннен бері ата-анасына хабарласпаған. Үйге қайта оралмаған.

«Осыған байланысты Қызылорда қаласы Полиция басқармасы іздеу салады. Ерекше белгілері: Бойы: 1,70-1,75 см, орта денелі, шашы қоңыр түсті. Киімдері: қара түсті күртеше, қара түсті шалбар, аяғында қара түсті етік. Аталған хабарлама бойынша қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда 8-(7242)-29-75-20 немесе 8-705-255-81-25 теелфон номерлеріне қоңырау соғуды сұраймыз», - делінген Қызылорда қалалық полиция басқармасы таратқан хабарламада.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада жоғалған жасөспірім екі қыз Шымкенттен табылды.


Соңғы жаңалықтар