Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 375.95 EUR 425.80
RUB 5.74 CNY 55.94
Jańalyqtar

Байқоңыр тұрғыны баласының өзінен еместігін айтып, сотқа жүгінді

2018 жылғы 13 шілде 12:36 165
Бөлісіңіз:
Байқоңыр тұрғыны баласының өзінен еместігін айтып, сотқа жүгінді

БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - Байқоңыр қалалық сотында азамат С-ның кәмелетке толмаған баласына әкеліктен бас тарту туралы азаматтық іс қаралды. Бұл жөнінде Байқоңыр қалалық сотының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Ұқсас жаңалықтар
Көпбалалы ана «супер әже» атанды Қазақстанда отбасы мәселелерін қарайтын арнайы сот құрылады

Талап қоюшы өзінің бұрынғы әйелімен ортақ некеден 4 баласы бар екенін жеткізген. Олардың арасында 2003 жылы дүниеге келген кіші баласы өзінен емес деп жорамалдағанын жасырмаған. Соған орай соттан сараптама тағайындауды сұраған. Ол көршілерінен кіші баласы өзінен еместігі жайында естіген. Өйткені, сол жылдарда ол отбасынан кетіп қалып жүргенін айтады.

Ал 2006 жылдан бері ерлі-зайыптылар бірге тұрмайды екен. Аталған неке 2009 жылы сот арқылы бұзылған. Бұрынғы әйелі сараптама жасауға қарсы еместігін айтқан. Оны бұрынғы күйеуінің алимент төлеуден жалтарғаны деп түсінетінін айтқан.  

«Сот тараптарды тыңдап, сот молекулярлы-генетикалық сараптама тағайындады. Оның қорытындысы бойынша талап қоюшы С-ның кәмелет жасқа толмаған баланың әкесі екені анықталды», - деді Байқоңыр қалалық сотының баспасөз маманы Малика Алтыруова.

Осыған байланысты талап қоюшының кәмелеттік жасқа толмаған баласына әкелігінен бас тарту туралы талап арызы қанағаттандырусыз қалдырды.

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қоғам, Қызылорда облысы,
Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
MURAǴAT