Байқоңыр туралы жаңа ән жарыққа шықты
«Байқоңыр вальсі» атты жаңа туындысын Жеңіс Сейдоллаұлы өзінің ғана емес, аңызға айналған ғарыш айлағының бағын ашқан туған жеріне арнап отыр. Әншінің өзі Байқоңыр қаласының жанындағы Төретам ауылында дүние есігін ашқан. Теміржолдың бойындағы дәл осы елдімекенге 1955 жылы ғарыш айлағының әскери құрылысын жүргізген алғашқы десанттар түскен еді. Содан бері Төретамды «Байқоңырдың қақпасы» деп атайды.
Жеңіс Сейдоллаұлы теміржолшылар отбасында өмірге келген. Бала кезден әнге құмар болмаса да, Байқоңырдағы әскерилерге қарап, офицер болуды армандапты. Алайда кейін ол өнер жолын таңдады.
«Әлбетте, ең бірінші кезекте құжатталған видеокадрларды Байқоңырдың күніне орай ғарышкерлер және Байқоңырда еңбек еткен достарыма, Қазақстанның ғарыш саласында еңбегін жалғастырып жатқан таныстарым мен төретамдықтарға жолдадым», - дейді Жеңіс Сейдоллуұлы.
Композитордың айтуынша, Байқоңыр – әлемдік ғарыш саласының бесігі іспеттес. Жеңіс Сейдоллаұлы жерлестерін меремекен құттықтап, Байқоңырдың ары қарай гүлдене беруін тіледі.