Байқоңыр маңынан оба табылмады

None
None
БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - Байқоңыр қаласының төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімі тұрғындарға қала айналасында қауіпті инфекция табылмағандығын мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

ТЖ бөлімінің жария еткен хабарламасында «Қызылорданың обаға қарсы стансасы» ӨМБ ақпараты бойынша «Левобережный» су алу аумағында жиналған далалық сынамаларда оба анықталмаған», деп атап өтілген.

«Байқоңыр» кешені «Левобережный» су алу аумағында эпизоотия анықталғаны туралы ақпарат түскен сәттен бастап мамандандырылған ұйымдар 17П алаңында және оған жақын аумақтарда профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар жүргізілді, деп мәлім етті ТЖ бөлімі.

Мамандар, қала сыртына шығатын Байқоңыр тұрғындарына сақтық шараларына жүгініп, обаның табиғи ошағы аумағында әрекет ету жадынамасымен танысу керектігін ескертеді.

Еске сала кетсек, 30 маусымда Байқоңыр төңірегінде оба індеті  табылды. Қауіпті инпекция ошағынан алынған сынама сараптамаға жіберілді.

Соңғы жаңалықтар